Жаңалықтар

Семейде белгіленбеген орында қарбыз сатқан жас жігіт жазаланды

Семейде белгіленбеген орында қарбыз сатқан жас жігіт жазаланды
Фото: Абай облыстық ПД 14.08.2024 02:36 674

Семейде белгіленбеген орында қарбыз сатқан жас жігітке айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Полицейлер тұрақты негізде қала аумағындағы белгіленбеген сауда орындары бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді. Әлеуметтік желіні бақылау барысында тұрғындардың Радуга аймағында қарбыз сатқан жас жігітке наразылық білдіргені туралы ақпарат анықталған.

29 жастағы ер азамат белгіленбеген жерлерде сауда жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органмен белгілеген орындардан тыс сауда-саттық жасау ескертуге немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал аталған құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасағандарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады,-деп атап өтті Абай облыстық ПД.

Жалпы жыл басынан бері Семейде белгіленбеген жерлерде сауда жасағаны үшін 504 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға