Семейде балалар Ертіс өзенінде кемемен серуендеді
01.06.2025 21:30
Фото:
Семей қаласы әкімдігі
Семейде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерге арналған ерекше шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балалар Ертіс өзенінде кемемен серуендеп, шат-шадыман көңіл күйге бөленді. Іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысты.
Кеме үстінде балалар үшін көңілді аниматорлар ойындар ұйымдастырып, түрлі қызықты бағдарламалар өткізілді. Мерекелік серуен барысында бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, керемет көңіл күй сыйланды. Балалар үшін бұл күн есте қаларлық, қуаныш пен шаттыққа толы болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

