Семейде Мақаншы ауданы шаруаларының қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың қарашасынан бері ұйымдастырылып келе жатқан жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған. Бұл жолғы шарада 1,7 тонна ет, сүт өнімдері, 70 келі бал, 90 келі балық, 50 келі нан өнімдері, сондай-ақ 1,7 тонна көкөніс нарық бағасынан төмен сатылды.
Жәрмеңке мерекелік форматта өтіп, киіз үй тігіліп, келушілерге бауырсақ пен шай таратылды. Мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырылып отыр.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңкелер мамыр айының соңына дейін жалғаспақ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

