Жаңалықтар

Семей қаласын «Алаш» деп өзгерту ұсынылды

Астанада "Ә. Бөкейханға 150 жыл" естелік монетасының салтанатты таныстыру рәсімі өтті. Жиында ғалымдар Семей қаласын Алаш деп атау керектігі жөнінде ұсыныс айтты.
18.10.2016 11:30 5964

Бүгін Астанада Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның  құрметіне арналған ҚР Ұлттық Банкі шығарған естелік монетасының салтанатты таныстыру рәсімі өтті. Жиында ғалымдар Семей қаласын Алаш деп атау керектігі жөнінде ұсыныс айтты.

Семей қаласын «Алаш» деп өзгерту ұсынылды

Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында тойлануына алғашқылардың бірі болып ұсыныс тастап, идеяның жүзеге асуына тікелей қатысқан алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы жиында сөз алды. Ғалым Семей қаласын Алаш деп өзгерту арқылы, қазіргі Қазақ елінің тұңғыш астанасы ретінде тарихқа жазып қалдыру жөнінде өз ұсынысын ортаға тастады.

Семей қаласын «Алаш» деп өзгерту ұсынылды

«Биыл Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы. Ізінше қазақ мемлекеттігін қайта жаңғыртқан Алашорда автономиясының құрылғанына 100 жыл толады. Алашорда автономиясы десек, есімізге Әлихан, ал Әлекең десек, Алаш автономиясы еске түседі. Осы екі ұлы тойдың құрметіне Семей қаласын Алаш деп өзгерту, қазіргі Қазақ елінің тұңғыш астанасы ретінде тарихқа жазып қалдыру жөнінде ұсыныс білдірмекпіз. Семей деген атау орыстың «Семипалатинск» деген сөзінен шыққандығы белгілі» дейді алаштанушы ғалым.

Ғалымның сөзінше, 1918 жылдың көктемінде Алашорда ұлттық үкіметі Алаш қаласына көшіп келді. Семей қаласының қазақтар басым тұратын Ертіс өзенінің сол жағалауы Алаш деп аталған. «Алаш қаласы» деп аталып кеткен қаланың тарихи атауын қайтару керек деп есептейді.

Семей қаласын «Алаш» деп өзгерту ұсынылды

Ал, монета дизайнын жасаған Алмат Бәсенов ұлт қайраткері Әлиханның немересімен жақын таныс болғандығын есіне алды. «Осы себепті де монета дизайнын жасау қиынға түспеді. Әлихан Бөкейхан тақырыбы жаныма ерекше жақын» дейді ол.

Алмат Бәсенов, ҚР Ұлттық банкінің бас дизайнері:

«Әлихан Бөкейханның немересімен таныс-біліс болған адаммын. Ол кісі университетте оқып жүрген кезімізде архитектура дизайны пәнінен дәріс оқыды. Отбасымызбен араластық. Ұлттық банк үнемі мәдени-тарихи құндылықтарымызды насихаттау бағытында атаулы шараларға бастамашы болып келеді. Әлихан Бөкейхан тақырыбы жаныма жақын болғандықтан, монета дизайнын жасау қиынға түспеді. Жаңа технология арқасында плакат сұлбасын басып шығардық» дейді бас дизайнер.

Монетада жаңа технология мүмкіндігімен «Қазақ» газеті бейнеленген трафарет алғаш рет қолданылған. Монета ҚР ұлттық банкі мен «Ақ жол» демократиялық партиясы бірлесуі нәтижесінде шығарылып отыр. Тиынның жоғарғы бөлігінде ҚР елтаңбасы бейнеленіп, екі беті ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. Массасы – 11, 17 грамм, диаметрі – 31 мм, таралымы – 100 мың дана. Сату үшін арнайы термовакуумды қапшыққа оралған.

Бүгінгі күні Ұлттық банк шығаратын ескерткіш монеталар көпшілік сұранысына ие. Монетаны ел аумағында және шет елдерге нумизматикалық топтама ретінде сатуға болады.

Семей қаласын «Алаш» деп өзгерту ұсынылды

Ұлттық банктің орталық филиалының басшысы Маралбай Сырымбаевтың айтуынша, «Ә.Бөкейханға 150 жыл» монетасы халық арасында танымалдылыққа ие болып, түгел сатылып кеткен.

«Тәуелсіздіктің 25 жыл мерейтойы тәуелсіздік үшін күрескен қайраткер Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Баршаңызды атаулы мерекелеріңізбен құттықтаймын. Ұлттық валюта – кез-келген мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі. Ескерткіш монеталарды шығарғанда мәдени-ағарту аспектілері ескерілді. ҚР Ұлттық банкі осы атаулы мерекеге орай «Ә. Бөкейханға 150 жыл» ескерткіш монеталарын шығарды. Монеталар халық арасында үлкен сұранысқа ие болып, түгел сатылып кетті» дейді. Басшының сөзінше, мұндай монеталарды айналымға қосымша шығару қарастырылмаған.

Семей қаласын «Алаш» деп өзгерту ұсынылды

«Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасы, Азат Перуашев:

«Былтыр ЮНЕСКО халықаралық ұйымының шешімімен қазақ елінің көрнекті қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде атап өтуге шешім қабылданды. «Ақ жол» партиясы осы бағытта қоғамдық-мәдени бірқатар шараларды атқарып келеді. Алаш мұрасы қазақ елін біріктіретін күш. Қайраткердің 150 жылдығына арналған монетаның тұсаукересіне куә болып отырмыз. Бұл үлкен қуаныш».

Семей қаласын «Алаш» деп өзгерту ұсынылды

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05.03.1866 жыл, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі -27.09.1937 жыл, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің тұңғыш төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.


Ая ӨМІРТАЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға