Жаңалықтар

Семей тұрғыны қаладағы көпірден секірмек болды

Семей тұрғыны қаладағы көпірден секірмек болды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 01.10.2023 12:20 611

Семейде ер адам көпірдің үстіне шығып алып, секірмек болған жерінен төмен түсірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық полицияға жергілікті тұрғыннан 28 жастағы азаматтың көпірдің аспалы құрылымына шығып алғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер ақпаратты растады. Бұл ақпарат бірден Абай облыстық ТЖД-ның құтқару бөлімшелеріне жеткізілді. Сол мезетте полицейлер құтқарушылар келгенше жігітпен келіссөз жүргізді.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері альпинистік құралдарды пайдаланып, аспалы көпірдің бағанасына шығып, ер адамға жетіп, оны төмен түсірді.

Қазіргі уақытта 28 жастағы облыс тұрғыны психикалық денсаулық орталығына жеткізіліп, мамандар онымен жұмыс істеп жатыр. Ер адамның мұндай әрекетке бару себептері анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға