Жаңалықтар

Семей орманындағы өрттен кейін тек басшылардың жалақысы көтерілген – депутат

Семей орманындағы өрттен кейін тек басшылардың жалақысы көтерілген – депутат
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі 12.02.2024 13:18 921

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы орман шаруашылығында қызметкерлердің жалақысы небәрі 9 мың теңгеге өскенін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Семей орманындағы апаттан кейін 1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы көтеріледі делінді. Бірақ айналып келгенде Үкімет мүшелерінің сол кезде орманшыларға айтқан уәдесі өтірік болды. Ол артынша әшкере болды. Жазда орманшылармен кездескеннен кейін депутаттық сауал жолдадым. Сонда орман шаруашылығында жалақысы көтерілгендер тек басшылар, директорлар, орынбасарлары, инспекторлар мен инженерлер екенін белгілі болды, - деді мәжілісмен.

Депутаттың сөзінше, Семей орманындағы апаттaн қаза тапқан орман шаруашылығындағы өрт сөндірушілерге, көлік жүргізушілері, трактор жүргізушілерінің жалақысына бір тиын да қосылмағаны анықталды.

Сол кездегі депутаттық сауалыма Үкіметтен жауап келгенінде «олар штаттан тыс қызметкерлер, сондықтанда  2023 жылдың 1 шілдесінен бастап 1,7 салалық коэффициентпен өседі. 2025 жылы 2-ге өседі» деген. Бұл коэффициент есебінде жақсы шығар бірақ, санға салсақ өте ұят. Былтыр орман шаруашылығындағы өрт сөндірушілер 64 349 теңге алып жүрген. Орман шаруашылығының азаматтарынан сұрасам, 1 қаңтардан бастап 9 мың теңге қосылғанын айтты. 80 мың теңгеге жетпейтін ақша аламыз деп отыр. 2025 жылы қосса 164 808 теңге болады екен, оның пайызын алып тастасақ, 135 мың теңге алады. Бұл орманшылардың жұмысын бағаламаудың, неқұрайлы қарау деп білемін. Бұл бір отбасын асырауға жеткілікті ме? - деді Нартай Аралбайұлы.

Депутаттың бұл сауалына Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбев көктемде штаттан тыс қызметкерлердің де жалақысын көтеретінін және ол бойынша есеп дайындап жатқанын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға