Жаңалықтар

Семей орманында тағы өрт шықты

Семей орманында тағы өрт шықты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 15.07.2023 16:47 1348

Абай облысы"Семей орманыны" резерватында тағы өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне бүгін сағат 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түскен. 

Апат аймағына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары аттанып, облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жұмылдырылды. 

Жедел ден қою мақсатында Семей қаласынан ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жіберілді. ТЖ орнына ТЖ министрі Сырым Шәріпханов та кетті. Қазіргі уақытта "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта. 

Өңірде ауа райы: +28 градусқа жетіп, солтүстік-батыстан желдің жылдамдығы 16 м/с құрап отыр. 

Өрттің жанында қазіргі уақытта" Шошқалы " демалыс аймағы орналасқан. ТЖД және ПД күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, ықтимал түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға