Семей-орманы табиғи қорығының аумағынан өрт шықты
22.06.2022 02:27
21 маусым, сағат 18:45-тегі мәлімет бойынша, шамамен 20 гектар алқапта қураған шөп пен ағаштар өртенген, - деп хабарлайды El.kz сайты Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
– Бесқарағай ауданында Жетіжар ауылынан 30 шақырым жердегі "Грачев орманшылығы" Долон филиалының территориясынан өрт шықты. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД-ның 11 қызметкері, үш техникасы, орман шаруашылығының 30 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды, –делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

