Жаңалықтар

«Семей орманы» табиғи резерватындағы қызметкерлерке үстемақы төленбеген

«Семей орманы» табиғи резерватындағы қызметкерлерке үстемақы төленбеген
Фото: Мәжіліс 19.06.2024 13:30 552

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Абай облысы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы қызметкерлердің жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Депутатқа Абай облысы бойынша «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты»» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне үстемақы төлеу мәселесіне байланысты хат жолдаған.

Біріншіден, техникалық персоналға үстемақы төлеу мәселесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман шаруашылығы қызметкерлеріне денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупінің төнуіне байланысты жұмыс үшін 100%-ға дейін қосымша үстемақы беру қарастырылған. Алайда, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің техникалық персоналдарына - жүргізушілер, радиобайланыс операторлары, тракторшылар, өндірістік және әкімшілік үй-жайларды жинаушылар және тағы басқаларына (№ 131 ерекшелік қызметкерлеріне) үнемдеудің жоқтығына байланысты үстемақы толық төленбей отыр, - дейді депутат.

Екіншісі – ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін 25% қосымша ақы қосу мәселесі.

Ауылдық жерлерде табиғатты қорғау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға 25%-дан кем емес үстемақы төленуі тиіс. Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 қауылысына сәйкес басқарушы персонал және негізгі персоналға кіретін лауазымдар тізбесі бекітілген. Оған табиғат қорғау мекемелерінің мамандары мен қызметкерлеріне, ауылдық жерлерде табиғатты қорғау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды адамдар санаты енгізілмеген. Осы санатты аталған қаулыға енгізу қажет, - дейді ол.

Yшіншісі - қызметкерлерге сауықтыру жәрдемақыларын төлеу мәселесі. Еңбек Кодексіне сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі. 

Мәжілісменнің айтуынша, «Семей орманы»  мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің техникалық персонал санатына кіретін 1500-ге жуық қызметкер осы жәрдемақыны ала алмай отыр. Сонымен қатар орман шаруашылығы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру қажет.

Депутат бірнеше ұсынысын айтып, талап қойды:

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің техникалық персоналына (№131 ерекшелік қызметкерлеріне) үстемақы төлеу; ауылдық жерлерде табиғатты қорғау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін 25% қосымша ақы қосу; техникалық персоналға сауықтыру жәрдемақыларын төлеуді және олардың медициналық оңалту ұйымдарында емделуін қамтамасыз ету; орман шаруашылығы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру мәселелерін қарастыруды сұраймын, - деді Нұртай Сабильянов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға