«Семей орманы» резерватында 5 жерден шыққан өрт ауыздықталды
18.08.2024 08:31
Фото:
©El.kz/Арман МУХАТОВ
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында 5 жерден шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы күндері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт оқиғалары жиілеп кетті. 17 тамыз күні 5 жерге қызыл жалын жайылған.
«Әр жерге өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері шұғыл жетіп, тілсіз жаумен күреске түсті. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында барлық жердегі өрт сөндірілді. Анықталғандай, 5 жерде де оттың шығуына – найзағай себеп болған», - делінген «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, 15 тамыз сағат 18:00-ден 16 тамыз 13:00-ге дейін аталған орман қоры аумағында шыққан 18 өрт ауыздықталған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

