Жаңалықтар

Секеңдеп болдық. Енді Англияға барып балалы болғым келеді – Айгүл Иманбаева

Секеңдеп болдық. Енді Англияға барып балалы болғым келеді – Айгүл Иманбаева
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva 27.04.2023 12:40 4579

Белгілі эстрада жұлдызы әрі актриса Айгүл Иманбаева «Болашақ»бағдарламасымен оқуға түскен болатын. Ол Лондоннан балалы болып қайтуға кетәрі емес екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өнер иесі ол арт-менеджмент мамандығы бойынша оқуға түскен болатын.

Лондонға тұрмысқа шығуға кетіп бара жатқан жоқпын ба? Құдай қаласа, сол жақтан балалы боп қайтамыз. Өзі де кетердің алдындағы сұхбатым осы сияқты. Бұйрық келсе, ештеңеге қарамайды, - дейді әнші "Қыздар-ай" бағдарламасында.

Ол осы ретте әріптесі Тамар Асарды мысалға келтірді.

Мына денсаулығымен, мына тағдырымен, мына жолымен Алла Тағала осындай бес елі бақты үйіп-төгіп береді деп ешкім ойлаған жоқ. Сүйсінесің, қызығасың, тілекші боласың. Сол себепті, алдымда не күтіп тұрғанын білмеймін. Мен түсінгенім, жүректің тыныштығы болуы үшін өзіңмен өрелес, жаныңды түсінетін адам болуы керек, -дейді Айгүл Иманбаева.

Ол әйтпесе, секеңдеп те, қызыл-жасылды қуалап та болдық деп отыр. Енді тыныштықта өмір сүргім келетінін жеткізді.

 Әсіресе, жүрегімнің тыныштығында. Сол жүректің тыныштығы өзімде бар, өткенде концертте де айттым. Бақыттың үні де бәсеңкі. Ниет бар. Екеу боп келуімді күтіңіз. Той Қазақстанда болмайды деп айттым, - деді актриса.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға