Сегіз адамның өмірін жалмаған жол апаты: жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды
Мөлдір Қайнар тілші
Сегіз адамның, оның ішінде бес баланың өмірін жалмаған жол апатына қатысы бар жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 7 тамызда 8 адам, оның ішінде 5 кәмелетке толмаған бала қаза болған жол-көлік оқиғасы бойынша, 2 және одан да көп адамның өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Күдікті MAN көлігінің жүргізушісі, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ведомство барлық жауапты тұлғаларға құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Еске салайық, жантүршігерлік жол апаты Ақтөбе облысы Хромтау маңында болды.

