Жаңалықтар

Щучинскте 500-ге жуық абонент орталықтандырылған жылумен қамтылды

Щучинскте 500-ге жуық абонент орталықтандырылған жылумен қамтылды
Фото: Ақмола облыстық әкімдігі 07.01.2025 04:25 411

Бурабай ауданында Щучинск қаласы Горный, Ремзавод және ЩИПТ микроаудандары тұрғындарының 1995 жылдан бері пешпен жылыту жүйесін пайдаланған мәселесі шешілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, биыл қалада орталықтандырылған жылумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылуда.

Ұзындығы 3 км жуық болатын жылу желісі 180 абонентті қосуға арналған, бұл тұрғын үйлерді жылумен қамтуды айтарлықтай жақсартып, тұрғындардың жайлылығын арттырады.

Бүгінгі таңда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, жылу трассасы іске қосылды, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 11 үй қосылды, ал қалған нысандардағы жұмыстар жалғасатын болады. Жобаны «Алматыинжстрой» акционерлік қоғамы жүзеге асыруда.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында пәтері орталық магистральға қосылған Досым Бекмағамбетовтың отбасымен кездесті.

Желілерді тарту жұмыстары басталғанда, ешкіміміз соңына дейін сенген жоқпыз. Міне, көп жылдан кейін біздің үйлеріміз орталық жылуға қосылды, пәтерлерде жылы, жайлы. Енді пешті жағу, көмір тасу керек емес. Мемлекет басшысына осындай маңызды бастамаларды жүзеге асырғаны үшін алғысымызды білдіреміз, – деді Д.Бекмағамбетов.

Айта кетейік, 2024 жылы Щучинск қаласында 8,5 км жылу желісі салынған және қайта жөнделген, 446 абонент жылумен қамтылған. Биыл да бұл жұмыс жалғасатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға