ҚР ТЖМ

Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстан жеті адам қаза тапты

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан 7 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың бірі – 16 жастағы қыз бала.

Облыстық әкімдік мәліметінше, оқиға салдарынан барлығы 19 адам зардап шеккен. Оның ішінде 5 адам Көкшетау қаласына жеткізілді, тағы 2 науқасты тасымалдау жоспарланып отыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aqmola Tjd (@112aqmola)

Өрт сөндірушілер ғимараттан сегіз газ баллонын алып шығып, оннан астам адамды эвакуациялады.

Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Пациенттердің жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова:

Щучинск қаласының стационарына күйіктің әртүрлі дәрежесімен 13 науқас түсті. Қазіргі уақытта 6 науқасты Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханаға ауыстыруға дайындық жүргізілуде. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан медициналық мамандар тартылды, қосымша үш анестезиолог-реаниматолог бригадасы келді. Қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті көлемде бар. Науқастардың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде, - деді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ|АКИМАТ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ (@aqmola_region)

Облыстық ТЖД дерегінше, Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қосымша медициналық бригадалар жедел түрде жасақталды. Барлық қажетті ресурстар жұмылдырылды: мамандар, дәрі-дәрмектер, санитарлық авиация оқиға орнына бағытталды.

Оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ|АКИМАТ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ (@aqmola_region)


Ақмола облысының әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді.

Өрт толығымен сөндірілді. Құтқарушылар ғимараттағы қирандыларды шығару жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда.

Ақмола облысы ТЖД-де жедел желі телефоны іске қосылды: 8 (7162) 514-298.