Жаңалықтар

Щучинск тұрғындары өздерін Шучучинскте тұратынын байқаған

Щучинск тұрғындары өздерін Шучучинскте тұратынын байқаған
Фото: instagram/shchuchinsk_life 01.07.2024 10:01 1562

Желі қолданушылары Ақмола облысындағы қала атауының Shuchuchinsk деп қате жазылғанын қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қатені жергілікті тұрғын Яна Адреева байқаған. Ол мұны видеоға түсіріп, жергілікті shchuchinsk_life Instagram-паблигі жариялаған.

Щучинскке бара жатырмын деп ойлап, Шучучинскке тап болдық, - дейді ол әзілдеп.

Видеоның астында пікір қалдырғандардың бірі әзілді жалғастырып жатса, енді бірі жергілікті билікті сынаған.

«Шучучинск», «ШУЧУчинск. Күлкісі де күші екен», «Талай рет өтіп, не деп жазылғанын байқамаппын», «Әзілдедік, енді жетер – өз есептеріңнен түзетіңдер», «Ешбір салада білікті мамандар жоқта осындай болады», «Бұл қазіргі білім деңгейі мен жергілікті органдардың қалай жұмыс істейтінін көрсетеді», - дейді оқырман қауым.

Жергілікті билік өкілдері тиісті ескерту «ҚазАвтоЖолға» жіберілгенін мәлімдеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Щучинск | Казахстан 🇰🇿 (@shchuchinsk_life)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға