Жаңалықтар

Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту қалай жүзеге асуда

Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту қалай жүзеге асуда
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 22.07.2024 22:16 673

Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту бойынша өңірдің инфрақұрылым жақсарып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту бойынша жұмыс кеңесі өтті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен жиында әкім курорттық аймақты дамытудың жаңа кешенді жоспарының негізін құрайтын тұжырымдамалық жаңа тәсіл мен нақты іс-қимылдарды бірлесіп әзірлеу қажеттігі туралы айтты.

Кеңесте инженерлік-құрылыс жобаларын аяқтауға және курорттық аймақты дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуге баса назар аударылды.

Президент Іс басқарушысының орынбасары Рустам Баялиев курорттық аймақты дамыту бойынша Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы туралы баяндама жасаса, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев өңірдегі туризмді одан әрі дамыту туралы көзқарасын ортаға салды.

Аталған құжаттың мақсаты – стратегиялық кластерлік жоспарлау негізінде Щучье-Бурабай курорттық аймағын тұрақты дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Құжат мемлекеттік органдар тарапынан кідіріссіз іс-қимылды талап ететін сегіз бағыттан тұрады. Бұл туристік дестинацияның негізгі проблемаларын шешуге көмектеседі, - деп атап өтті Еркінбаев.

Kazakh Tourism ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Сәдуақасов кешенді даму жоспары мен жұмыс барысы, курорттық аймақты зерттеу нәтижелері туралы айтып, Щучье-Бурабай курорттық аймағында тұрақты туризмді дамыту бойынша бірқатар шараларды ұсынды.
Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский Бурабай кентінде инфрақұрылымдық желілерді жүргізу және су құбыры мен жылу желілерін жаңғыртуды қоса алғанда, инженерлік инфрақұрылым жобаларының аяқталғанын хабарлады.

Сондай-ақ кеңесте көлік инфрақұрылымын дамыту, цифрлық технологияларды енгізу, туристік саланың инвестициялық әлеуеті, экологиялық тұрақтылық және қоғамдық жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Отырыс соңында Щучье-Бурабай курорттық аймағы елдің жетекші туристік кластері ретіндегі ұстанымдарын одан әрі нығайту бағыттары айқындалып, қойылған міндеттерді іске асыру үшін нақты мерзімдер белгіленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға