Жаңалықтар

SCAT компаниясы жалға алған жер мемлекетке қайтарылды

SCAT компаниясы жалға алған жер мемлекетке қайтарылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 13.03.2024 10:46 490

Түркістан облысының прокуратурасы жосықсыз орман пайдаланушыға тиесілі аумағы 4 400 гектар аңшылық алқабын мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдады, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, 2019 жылғы 13 желтоқсанда облыс әкімдігі аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жерді беру туралы қаулы шығарған.

Осы актінің негізінде Табиғи ресурстар басқармасы және «SCAT авиакомпаниясы» АҚ-ы арасында 20 жыл мерзімге аңшылық алқабын (4 400 га) жалға беру шарты жасалған. Алайда «SCAT авиакомпаниясы» АҚ шарт жасалған сәттен бастап жер учаскелерін пайдаланғаны үшін бюджетке салық аударымдарын жүзеге асырмаған, - делінген мәліметте.

Прокуратура қадағалау актісі негізінде шартты бұзу жолымен аңшылық алқабы мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылданғанын алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға