Жаңалықтар

SCAT әуе компаниясы Пәкістанға жолаушылар рейстерін ашады

SCAT әуе компаниясы Пәкістанға жолаушылар рейстерін ашады
Фото: el.kz 11.06.2023 05:04 540

Мемлекет басшысының ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиациялық билігімен бірлесіп және ҚР Пәкістандағы елшісі Е.Кистафиннің көмегімен SCAT әуе компаниясының Пәкістанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Осылайша, 2023 жылғы 8 шілдеден бастап SCAT әуе компаниясы Воеіпд 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Алматы – Лахор бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасын ашу елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға