Сайран көлінде жасөспірім мен ер адам суға батып кетті
25.06.2025 22:12
Фото:
©Pixabay.com
109 қызметіне жасөспірімнің суға кеткені туралы хабар түскен соң, оқиға орнына сүңгуірлер келіп, 2007 жылы туған жігіттің денесін судан алып шықты. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Қайғылы оқиға «Шомылуға тыйым салынған» белгісі орнатылған жерде болған. Сайран көлі әлі пайдалануға берілмеген, оның аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда бұл жағдайдың өзінде де шомылғысы келетіндер аз емес, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар көлден 48 жастағы ер адамның денесі шығарылды. Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйде суға түскен.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

