Жаңалықтар

Сайлаушылар өздерін еркін сезінуде - ресейлік байқаушылар

Сайлаушылар  өздерін еркін сезінуде - ресейлік байқаушылар
Фото: Дәурен Мақсұтханұлы 19.03.2023 19:51 861

Бүгінгі ҚР Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау науқаны барысында байқағанымыз сайлаушылар өздерін еркін сезінуде. Бұл туралы Алматыдағы РФ Бас консулдығының консул-кеңесшісі Артем Вальеревич Оганов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол «ҚР Парламентінің Мәжілісі және Алматы қаласының мәслихат депутаттарын сайлау барысын бақылау туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Артем Оганов: «Тұрғындардың өздері қалай дауыс беріп жатқанын елге жария түрде көрсетіп тұрып дауыс беруі, олардың өз еркіндігіне деген сенім барлығын сездіреді. Ал ол өз кезегінде сайлау науқанының еркін түрде өтіп жатқанын және сайлаушыларға сырттан ешқандай қысым жоқтығын білдіреді», - деп сенімді түрде айтып өтті.

Өз кезегінде брифингке қатысқан МГИМО (РФ) Халықаралық зерттеулер институты Еуроазиялық зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері Александр Алексеевич Князев әріптесінің сөзін құптай келе былай деп толықтырды:

«Иә, біздер осы уақытқа дейін қаладағы бірнеше сайлау учаскелерін аралап көрдік. Адамдар ашық-жарқын, көңілдері көтеріңкі. Оған бүгінгі күн нұрына бөленіп тұрған Алматының ауа райы да, қатар келген Наурыз мерекесінің де әсері болған шығар. Жалпы Алматыдағы сайлау науқанына тұрғындар өте жақсы көңіл күймен қатысып жатыр деуге болады».

Сайлаушылар  өздерін еркін сезінуде - ресейлік байқаушылар

Алматыдағы барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылардың шын мәнінде көтеріңкі көңіл күйде құрбы-құрдастарымен, дос-жарандарымен, ата-аналардың бала-шағаларымен келіп дауыс беруі, жоғарыдағы спикерлердің сөздерін дәлелдей түскендей.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға