Сайлауға қатысу жалпыхалықтық мейрам – Асанәлі Әшімов
20.11.2022 12:51
Фото:
qazaqstan.tv
Қазақстанның Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр актері, режиссер Асанәлі Әшімов, Алматы қаласындағы N382 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Қанша сайлау болса сонша рет сайлауға қатысып келемін. Қатыспай қалған күнім болған жоқ. Жастарға да айтарым сайлауға қатысып, өзінің кандидатын сайлау қажет. Сонда кейін жұмыс істеп жүргенде де өзінің ар-ұятының алдында жауапкершілігі болатын болады. Сонда ғана ол "толық адам" болып қалыптасады. Ал, "ой, қойшы" деп, сайлау "анау-мынау" деп жүрген болса, ондайды мен "толық адам" деп есептемеймін.
Бұл әрбіріміздің азаматтық борышымыз! Сайлауға қатысу жалпыхалықтық мейрам деп есептеймін" деді Асанәлі Әшімов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

