Жаңалықтар

Сайлауға қатысу – әрбір қазақстандықтың ел алдындағы азаматтық парызы

Сайлау учаскесінде 20597 азамат тіркелген
Сайлауға қатысу – әрбір қазақстандықтың ел алдындағы азаматтық парызы
Фото: El.kz 20.11.2022 16:55 2002

Ұлттық ғылыми академиялық кітапханада орналасқан 111 сайлау учаскесінде кезектен тыс Президенттік сайлауға дауыс берушілердің қатары толастаған жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Дәл қазір орта жастағы сайлаушы кішкентай қызымен келіп өз таңдауын жасады.

«Таңертеңнен бері отбасымызбен дауыс беру үстіндеміз. Бұл біздің ғана азаматтық парызымыз емес, сондай-ақ осы елде өмір сүретін әр қазақстандықтың міндеті деп есептеймін. Еліміздің болашағы үшін және мемлекетті басқара алатын кандидаттқа таңдауымызды жасадық. Кішкентай қызымды ертіп келіп, бюллетеньді бірге салып жатырмыз. Келешекте бұлар да елдің қамын ойлайтын, патриот азаматтар мен азаматшалар болсын деген ниетіміз бар», - деді қала тұрғыны Жанат Қосдаулетова.

Айта кетейік, учаскелік сайлау комиссиясы 11 адамнан тұрады. Барлығы тренингтен өтіп, сертификатталған.

«Біздің сайлау учаскіде 20597 азамат тіркелген. Олар таңнан бері жақсы көңіл-күймен сайлауға белсенді қатысуда. Сайлаушылар арасында 82 жасқа келген қариялар да келіп, өз таңдауын жасап кетті және 18-ге келіп жаңадан дауыс берген 7 жас сайлаушы болды. Оларға сыйлығын тапсырдық», - дейді комиссия төрағасы Жанна Тауекелова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға