Жаңалықтар

Сайлауды бақылаудың жаңа форматы құрылды

Сайлауды бақылаудың жаңа форматы құрылды
Фото: El.kz 11.02.2023 11:47 1695

Түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері «Дауыс» қоғамдық байқаушылар ұйымын құрды. Олар сайлау науқанында ашықтық пен демократиялық қағидаларына негізделе жаңа форматта жұмыс жасайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Коалиция құрамына 160-тан астам ұйым кірді. Олар өңірлік байқаушылар, заңды консалтинг медиа менеджмент және кәсіби коучинг жұмыстарын жүзеге асыру салысында тәжірибеге ұйымдар.

«Қоғамда сайлау науқаны жылдан жылға күнделікті өмірге еніп келеді. Тәжірибе көрсеткендей байқаушы ретінде адамдар саны артуда. 2019 жылы 43 мың адам болса, қазір бұл көрсеткіш 100 мыңға жетіп отыр. Саяси науқан барысын байқау үлкен тәжірибе береді. Азаматтар сайлаудың әділ өтуін бақылап қана қоймай, қоғамның құқығын бірінші орынға қояды. Электоралды мәдениеттің артуына үлес қосамыз», - деді «ДАУЫС» ҚБК төрағасы Төлеген Күнәділов.

Оның айтуынша, елде 10 мыңға жуық ашық сайлау учаскесі болса, коалиция мүшелері барлық учаскеде жұмыс жасайтын болады. Айта кету керек бұл ұйымға мемлекеттен қаржы бөлінбеген. Дегенмен коалиция бір реттік бастама емес, жүйелі жүзеге асатынан атап өтті.

«Біз қоғамдық бірлестіктердің қолдауымен ашылып, жұмысымызды бастаймыз. Қаржы және сайт ашу мәселелерін қарастырудамыз. Ерекшелігіміз демократиялық принциппен басқару жүйесін енгізілді. Тең төрағалық институт форматында қызмет атқаратын болады. Алдағы уақытта аналитикалық жұмыстар жүргізіліп, заңнамалық эволюциясы мен жетілдіру жұмыстары бойынша анализдер жасайтын боламыз», - деп қосты Төлеген Күнәділов.

Байқаушы болуға өтінішті әлеуметтік желілерде беруге болады. Азаматтық міндетін білген азаматтар сайлаудың әділ өтуіне ат салысады деген сеніммен «ДАУЫС» ҚБК тең төрағасы, әрі журналист Ербол Мәндібек әріптестерін мүшелікке шақырды.

«30 жылдан бері қаншама сайлау өтіп, қоғамдық байқаушылар институты қалыптасты. Ел болашағына бейжай қарамайтын жандар осында келіп өзінің азаматтық міндетін атқарса болады. Қазіргі таңда 21мыңнана астам үкіметтік емес ұйым бар. Қаншасының тәжірибесі бар деген мәселе өзекті болып отыр. Сонымен қатар осындай науқан кезінде түрлі жаңалықтар жарыққа шығады. Ақпараттардың дұрыс таралуын қамтамасыз ететін әріптестерімді тәуелсіз байқаушы болуға шақырамын», - деді ол.

Саяси науқанды бақылау үшін арнайы курстар өткізіледі. Кәмелеттік жасқа толған кез келген азамат байқаушы болуға өтініш білдіре алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға