Жаңалықтар

Сайлау туралы заңға өзгеріс енгізіледі

Әділет министрлігі заңға осындай өзгеріс енгізбе
Сайлау туралы заңға өзгеріс енгізіледі
Фото: egemen.kz 29.07.2022 11:11 2848

Халықаралық ұйымдар қаржыландыратын қоғамдық бірлестіктер Қазақстанда өтетін сайлауға тәуелсіз байқаушы ретінде қатыса алмайды, деп хабарлайды El.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, мұндай шешім шетелдіктердің еліміздегі дауыс беру процесіне ықпал етпеуі үшін қабылданды. Егер бұл өзгеріс қолдау тапса, аккредиттеуден сайлаумен бұрыннан айналысып келетін үкіметтік емес ұйымдар ғана өтеді. 

«Сайлау процесіне тек кәсіби байқаушылар ғана қатысуы керек. Олар тиісті заңнаманы жетік меңгеруі тиіс. Өйткені олар бүкіл науқанның ережеге сай өткізілуін қамтамасыз етуге міндетті. Шетелдіктер тарапынан бұл процесті қаржыландыруға немесе оған кедергі жасауға заңмен тыйым салынған. Саяси партиялардың құрамында да шетелдіктер немесе азаматтығы жоқтар кіргізілмейді», - деді Әділет министрлігі заңнама департаменті директорының міндетін атқарушы Бауыржан Тұрғанбаев.


Айта кетерлігі, қазір бұл заң жобасы ашық нормативті-құқықтық актілер порталында қызу талқыланып жатыр. Оған 200-ден астам ұсыныс түсті. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға