Жаңалықтар

Сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсетіледі

Бұл туралы ОСК отырысында мәлім болды
Сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсетіледі
Фото: El.kz 23.01.2023 16:03 1585

Жан-жақты оқыту жүргізіледі. Бұл туралы ОСК үшінші отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ОСК мүшесі Сабила Мұстафина сайлау процесіне қатысушыларды электораттық құқықтық оқыту бойынша жұмыстар жүргізілетінін айтты.

«Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерін мына бағыттар бойынша әртүрлі нысандарда даярлау және оқыту көзделген. Бірінші, бейнеконференц-байланыс режимінде сайлау науқанының нақты кезеңдері мен бағыттарының өзекті мәселелері бойынша АСК, ОСК үшін ОСК онлайн семинар кеңестері, екінші, комиссия мүшелері мен аппарат қызметкерлеі өңірлерде өткізетін көшпелі оқыту және инспекциялық семинар кеңестері, үшінші, қашықтықтан оқыту және тестілеу және шетелдегі өкілдіктер жанынан құрылған 69 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері үшін семинарлар өткізу», - деді ол.

Сондай-ақ, ол каскадтық әдіс те қолданылатынын тілге тиек етті.

«Каскадтық әдіс – сайлау жүйесінің барлық деңгейлері бойынша сайлау процесін ұйымдастырушыларды даярлау. Аумақты округтік сайлау комиссияларының мүшелері, аумақтық округтік сайлау комиссияларының мүшелері, учаскелік сайлау комиссияларының төрағасы мен хатшылары, орынбасарлары және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері оқытылады», - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға