Сайлау күні Түркістан облысында 90 сәби дүниеге келді
EL.KZ Информационно-познавательный портал
20.11.2022 17:54
Фото:
gov.kz
Сайлау күнінде Түркістан облысы бойынша 90 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, 46 ер бала, 44 қыз, оның ішінде 2 егіз дүниеге келді.
Егіздердің бірі Қазығұрт ауданында, екіншісі Түлкібас ауданында туылды. Бүгінде аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы.

