Жаңалықтар

Сайлау: Кімдер Сенат депутаты бола алады?

2023 жылдың 14 қаңтарында Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауы өтеді
Сайлау: Кімдер Сенат депутаты бола алады?
29.11.2022 05:40 4072
2023 жылдың 14 қаңтарында Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
"Парламент Сенатының депутаттарының қаншасы қайтадан сайланады, сайлау қашан өтеді " - деген сұрақ соңғы күндері көп қойылып жатыр. Сондықтан оқырмандарға нақты мәліметтермен бөлісе кеткенді жөн санаймын", деп жазды "Бас редакторлар клубы" президенті Бибігүл Жексенбай.
 
Ақмола облысынан - Әдилбеков Дәурен ( 28 маусым 2017 ж. сайланған)
Ақтөбе облысынан- Жұмағазиев Мұқтар ( 28 маусым 2017 ж.); Алматы облысы - Жөргенбаев Жанболат ( 22 сәуір 2022 ж.);
Атырау облысы - Дүйсембаев Ғұмар ( 28 маусым 2017 ж.);
ШҚО - Мусин Дүйсенғазы ( 28 маусым 2017 ж.);
Жамбыл облысынан - Нұралиев Абдалы ( 28 маусым 2017 ж.);
БҚО - Төреғалиев Нариман ( 28 маусым 2017 ж.);
Қарағанды облысынан - Әбдікеров Рысқали ( 28 маусым 2017 ж.);
Қостанай облысынан - Нурғалиев Жеңіс ( 28 маусым 2017 ж.);
Қызылорда облысынан - Бақтиярұлы Мұрат ( 28 маусым 2017 ж.);
Манғыстау облысынан - Шелпеков Бақтыбай ( 28 маусым 2017 ж.);
Павлодар обласынан - Нұрсипатов Нұржан ( 28 маусым 2017 ж);
СҚО - Сұлтанов Ерік ( 28 маусым 2017 ж.);
ОҚО (Түркістан облысы) - Куртаев Әлімжан (28 маусым 2017 ж.);
Астана қаласынан - Мамытбеков Еділ ( 28 маусым 2017 ж.);
Алматы қаласынан - Нукетаева Динар ( 28 маусым 2017 ж.);
Шымкент қаласынан - Бекназаров Нұрлан (5 қазан 2018 ж.);
Абай - Байахметов Бақытжан (24 тамыз 2022 ж.);
Жетісу облысынан - Толамисов Амангельды ( 24 тамыз 2022 ж.);
Ұлытау облысынан - Медебаев Советбек ( 24 тамыз 2022 ж.)
 
Сайлау 14 ші қаңтарда 2023 жылы өтеді.
 

«Конституцияға сәйкес Парламент депутаты соңғы 10 жыл бойы ел аумағында тұрақты тұратын Қазақстан азаматы болуы керек. 30 жасқа толған, жоғары білімі бар, жұмыс өтілі кемінде бес жылды құрайтын адам үміткер бола алады», деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Сондай-ақ ол заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығы бар адам ҚР Парламенті депутаттығына кандидат бола алмайтынын айтып өтті.

Айта кетсек, кандидаттарға қойылатын талаптар ҚР Конституциясының 33 және 51-баптарында, сондай-ақ «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 4-бабында көрсетілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға