Жаңалықтар

Сайлау-2023: Дауыс беру бюллетенін қалай толтыру керек?

Сайлау 19 наурызда өтеді
Сайлау-2023: Дауыс беру бюллетенін қалай толтыру керек?
Фото: El.kz 16.03.2023 15:00 3727

Саяси додаға үш күн қалды. Сайлаудың болғанынан боладысы қызық болып тұр. Себебі депутаттыққа үміткерлердің қатары көп. Ел сенімін ақтар азаматтардың билікке келуі қарапайым халық үшін маңызды. Ал кандидаттарға сайлаушы халықтың дауысы маңызды. Бұл ретте El.kz ақпараттық агенттігі сайлаушыларға түсінікті болу үшін дауыс беру бюллетенін қалай толтыру керектігін және неше бланк болатынын саралап көрді.

Парламент мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Кезектен тыс сайлауда 19 наурыз күні 69 депутат партиялық тізім бойынша, 29 депутат бір мандатты аумақтық округтерден сайланады. Яғни, ашып айтқанда, Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланса, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары аралас жүйе бойынша сайланады. 

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес республика бойынша барлығы 20 өңірден 12 миллион 32 мың 550 сайлаушы дауыс береді. Сайлаушылар 29 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасайды. Дауыс берушілер өз сайлау учаскесін sailau.gov.kz/#info сайтынан біле алады. Ол үшін сайлаушы сайтқа кіріп, тұратын аймағы мен ЖСН нөмірін енгізеді.

Сайлаушыға неше бюллетень беріледі?

Сайлаушыларға арналған бюллетеньдер әртүрлі түсте болады. Біріншісінің түсі – көк, екіншісінің түсі – жасыл, үшіншісінің түсі – күрең және төртіншісінің түсі – қызғылт сары, бесіншісінің түсі – сұр.

ОСК мәліметі бойынша сайлаушылардың жалпы санының бір пайыздық резервті қоса алғанда, барлық өңірде 12 млн 152 мың 876 дана бюлетень бар. Бюллетеннің бланкі – екіжақты. Түсі – көгілдір. A5 форматында. Бюллетень арқылы дауыс берген әрбір сайлаушының ерік-жігеріне заңды күш беріледі. Себебі, бюллетень ең маңызды сайлау құжаттарының бірі.

Айта кетейік, еліміздің үш мегаполис қаласы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлаушылары үшін 4 бюллетень берілсе, қалған 17 облыс аумағындағы әрбір сайлау учаскесінде бюллетеньдердің 5 түрі болады. Өйткені, кейбір өңірлерде қалалық және аудандық мәслихаттар сайланады.  

Бюллетеньге қойылатын талаптар

Сонымен ОСК ақпаратына сүйене отырып, 5 бюллетеннің нысандары мен бланкілеріне қойылатын талаптар, оның ішінде екі жақты формат, бюллетень бланкісінің түсі мен мөлшері туралы айтатын болсақ:

  1. ҚР Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау бойынша: түсі-көк, форматы А5;
  2. ҚР Парламенті Мәжілісінің бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарын сайлау бойынша: түсі-жасыл, А5 форматы - 16 үміткерге дейін, қиылған формат-16-дан астам
  3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша: түсі- қызылкүрен, A5 форматы;
  4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша: түсі-қызғылт сары, A5 форматы - 16 үміткерге дейін, қиылған формат-16-дан астам;
  5. Облыстық маңызы бар қалалар, аудандар мәслихаттарының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарын сайлау бойынша: түсі сұр, A5 форматы - 16 үміткерге дейін, қиылған формат-16-дан астам.

Осылайша, 17 облыстың аумағында орналасқан әрбір сайлау учаскесінде бюллетеньдердің 5 түрі, ал 3 мегаполисте – 4 бюллетень берілмек. Сайлау бюллетеньдерінің жалпы саны 12 152 876 дана. Көру қабілеті нашар адамдар үшін сайлау учаскелері барлық қажетті жағдайлармен, жарықтандырумен және үлкейткіштермен жабдықталған.

Сайлаушылар 20 өңір бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың тізімін мына жерден біле алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға