Жаңалықтар

Саяжайды жалға алып, есірткі өсірген

Саяжайды жалға алып, есірткі өсірген
Фото: © Polisia.kz 16.10.2023 23:03 650

Ақтөбеде саяжайды жалға алып, есірткі заттарын өсірген атыраулық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында 8 қазанда Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері 48 жастағы азаматтың есірткі заттарын заңсыз сақтайтынын анықтады.

Бау-бақша ұжымдарының бірінде тұратын күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ауласынан екі түп жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік және үйінің ішінен жасыл түсті ерекше иісі бар зат салынған екі пакет анықталды.

Сараптама қорытындысы бойынша алынған зат жалпы салмағы 2,6 келі кептірілген марихуана екені расталды.

Тексеру барысында Атырау аумағында тұратын күдіктінің Ақтөбе қаласына мамыр айында келіп, қала сыртындағы бау-бақша ұжымдарының бірінен саяжайды жалға алғаны белгілі болды. Күдікті полицейлерге тұрғылықты жерінен табылған жалпы салмағы 2,5 келіден асатын өсімдіктерді жеке қолдану мақсатында өсіргенін түсіндірді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға