Жаңалықтар

Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының ұрпақтары Қазақ халқына шексіз алғыс

Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының ұрпақтары Қазақ халқына шексіз алғыс
31.05.2019 12:18 3197

Ақтөбе қаласында «Қоғамдық келісім» КММ сарапшылары мен Ақтөбе облысының Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Ұрпақтың жадында» тақырыбындағы диалог алаңы өтті.

Шара барысында қонақтар С.Жиенбаев атындағы облыстық  балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мамандары дайындаған «Тарихта қалған тағдырлар» атты  көрмені тамашалады.

IMG_20190517_150336.jpg

«Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытгүл Снабаева «қазақ халқы үшін 31 мамыр күнінің қаншалықты маңызды екендігіне тоқталып, саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жазаланған қазақ зиялыларының тағдырын ұмытпауымыз керектігін» атап өтті.

Одан әрі диалог алаңында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Талғат Жұмағамбетов баяндама жасап, жаппай ашаршылық жылдарындағы қазақ халқының көрген қиындығы туралы мәліметтер келтірсе, «Ақтөбе облысының мұрағаты» ММ-нің бөлім меңгерушісі Бақытгүл Ешмұратова қанмен жазылған қазақ даласы тарихының ащы беттерін баяндайтын сол кездегі құжаттармен таныстырды.

IMG_20190517_164244.jpg

Тарих ғылымдарының кандидаты Инна Ли қуғын-сүргінге ұшыраған корейлердің ұрпағы ретінде КСРО-ның қазақ халқы мен өзге де ұлттарға, соның ішінде ата-бабасы саналатын корей халқына жасаған қатыгез саясатын айта келе, басқа түскен қиын қыстау кезеңде қазақтардың корей ұлтына жасаған жақсылығы, бір нанды бөлісіп жеп, достық ниеттерін көрсеткені үшін мәңгілік қарыздармыз деп атап өтті.

Бұдан кейін, «Вайнах» шешен-ингуш ЭМБ ақсақалдар Кеңесінің төрағасы  Хасан Сагаев пен «Ақтөбе облысы кәрістер қауымдастығы» төрағасының орынбасары Галина Ажгалиева жазықсыз айып тағылып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ата-аналарының қиын тағдырын еске алды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға