Жаңалықтар

Саяси сипаттағы ешқандай талап адамның өміріне тұрарлық емес – заңгер

Оқиғаның салдары Қазақстанның өркениетті мемлекет ретіндегі имиджіне нұқсан келтірді
Саяси сипаттағы ешқандай талап адамның өміріне тұрарлық емес – заңгер
Фото: El.kz 15.12.2022 17:21 3325

2022 жыл еліміз үшін оңай болған жоқ. Сұйытылған газдың бағасынан басталған наразылық әр өңірге алаңға шыққан жұртпен жалғасып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Бүкіл халықтық дүмпуден билік сабақ алды ма? Осы және өзге де сұрақтың жауабын білу үшін заң ғылымдарының докторы, доцент Сабигүл Бекишеваны сұхбатқа шақырдық.

Саяси сипаттағы ешқандай талап адамның өміріне тұрарлық емес – заңгер

– Президент қаңтар оқиғасына байланысты рақымшылық туралы заңға қол қойды. Бұл осындай трагедиялық жағдайда жасалып отырған алғашқы заң. Бұған көзқарасыңыз қандай?

Шынында да, бұл рақымшылықтың ерекшелігі ол тек «қайғылы қаңтарға» қатысушыларға қолданылады.

Бұған дейін рақымшылық жасау мерекелік іс-шараға оның ішінде, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы (2011 жыл), 25 жылдығы (2016 жыл) және 30 жылдығы (2021 жыл) болды. Екіншіден, азаматтардың әртүрлі санатына байланысты кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге немесе I, II және III топтағы мүгедектер, 50 және одан жоғары жастағы әйелдер, 60 және одан жоғары жастағы ер адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және тағы басқаларға жасалады.

Мен бұл рақымшылық туралы заңның қабылдануын құптаймын. Өйткені қаңтардағы оқиғалар кезінде көптеген азаматтар «көпшілікке еріп» бой алдырды. Содан кейін ғана олар заңды бұзғанын түсінді. Сондықтан қылмыстық теріс қылықтар, ауырлығы аз және орташа қылмыстар жасаған отандастарымызға қатысты дұрыс шешім қабылданды деп есептеймін.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдаған Жолдауынан кейін көптеген заң бұзушылар өздерінің кінәсін мойындады және жасаған істеріне өкінді. Сол себепті, олар екінші мүмкіндік алып отыр.

Айта кетерлігі, рақымшылыққа ілінбейтіндер жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар, билікті асыра пайдаланған және азаптаған адамдар, рецидивистер, зорлаушылар, террористер мен экстремистер. Яғни, бұлар құқық бұзушылардың ең қауіпті бөлігіне жатады.

– Қаңтар оқиғасының себебі мен салдарына қатысты не айтасыз?

Екі себеп бар – экономикалық және саяси. Естеріңізде болса, автомобильдің сұйытылған газ бағасының өсуі триггер болды. Бұл экономикалық себеп. Алайда, бұл қайғылы жағдайға әкелмес еді. Өйткені азаматтар заңды негізсіз болса да, бейбіт наразылықпен көшеге шықты.

Бұл ретте наразылық білдірушілердің талаптары қанағаттандырылды. Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі азаматтардың талаптарына жедел ден қойып, газ бағасын төмендету жөнінде шаралар қабылдады. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына, жанар-жағармай материалдары мен коммуналдық қызметтерге бағаны көтеруге мораторий енгізді.

Бірақ азаматтардың бейбіт сөзін экстремистік топтар, радикалдар мен тонаушылар қолданды. Бұл жағдайда саяси себептер бірінші орынға қойылды. Негізгі ұран «Алға, Қазақстан» және саяси режимнің өзгеруі болды.

Алайда, егер іс тек саясатқа қатысты болса, онда мемлекеттік органдардың билігімен байланысты объектілер ғана жойылып, Президенттің ескі резиденциясы, әкімдіктер, полиция ғимараттары, ҚР ҰҚК, полиция машиналары және тағы басқаларына ие болар еді.

Наразылық білдіргендердің әрекетінде террористік қорқыту актілерінің ұйымдастырылуы мен қолданылуы байқалды. Мысалы, жедел жәрдем көліктері, өрт сөндіру автомашиналары өртеніп, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорыны, шағын және орта бизнес кеңселері, сауда үйі, дүкендер қирап, Алматы қаласының халықаралық әуежайы басып алынды. Бейбіт тұрғындарға соның ішінде, медицина қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге және журналистерге шабуыл жасалды (500-ден астам бейбіт тұрғындар, олардың ішінде 130 әйелдер мен қарттар) болды.

Саяси наразылық білдіру үшін дүкенді тонау, бейбіт азаматтардың көлігін өртеу қажет емес еді. Сондықтан қаңтар оқиғасының салдары қорқынышқа алып келді. Көптеген адам қаза тауып, бейбіт азаматтардың мүлкіне, Қазақстан экономикасына, еліміздің өркениетті мемлекет ретіндегі имиджіне нұқсан келтірді.

 – Қаңтар оқиғасының шындығы ашылды ма және жауапты адамдар жазасын алды деп ойлайсыз ба?

Қаңтар оқиғасы болды және бұл нақты. Бұл оқиғаға қатысушылар мен кінәлілердің көпшілігі анықталды. Бірақ оқиғаның кейбір себептері мен нақты ұйымдастырушылары әлі де анықталуы керек.

– Қаңтар оқиғасын қалай бағаладыңыз және ол түсінігіңіз өзгерді ме?

 – Мен қаңтар айындағы оқиғаға теріс қараймын. Өйткені көп адамдар қайтыс болды. Менің көзқарасым өзгермейді. Саяси сипаттағы ешқандай талаптар адамның өміріне тұрарлық емес.

– Билік бұл оқиғадан сабақ алды ма?

– Сабақ алды деп есептеймін. Соның бір көрінісі рақымшылық болып отыр. Бұл босап шығатындар үшін де үлкен сабақ болмақ.

– Қаңтардан кейін елде әртүрлі өзгерістер болды. Президент бірқатар реформалар жасады. Бұл қоғамның талаптарын орындай алды ма?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық мақсаттар қойып, оларды кезең-кезеңімен орындауда. Азаматтардың конституциялық құқықтарын неғұрлым толық қорғау үшін құқықтық негіздер қаланды. Мәселен, ҚР Конституциялық соты құрылды. Конституциялық заң деңгейінде адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен өкілеттігі алғаш рет бекітіліп, Бас Прокурорының құқық қорғау функциясы күшейтілді.

Бірақ алда әлі де көп жұмыс күтіп тұр. Бір ғана Президент емес, бүкіл қоғам соның ішінде, Қазақстанның барлық азаматы осы мақсаттарға бірге қол жеткізуге ұмтылуға тиіс.

– Сұқбатыңызға рахмет!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға