Жаңалықтар

Саяси астары бар ма: Министр партия құрғысы келетіндердің өтініші неліктен қабылданбағанын айтты

Саяси астары бар ма: Министр партия құрғысы келетіндердің өтініші неліктен қабылданбағанын айтты
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 16.10.2023 15:15 848

Әділет министрі Азамат Есқараев елімізде жаңа партияларды тіркеу ісіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Министрдің баспасөз брифингінде журналистер Азамат Есқараевқа «Алға Қазақстан партиясы тіркелу үшін 20 рет өтініш берген екен. Олардың тіркеле алмауының саяси астары бар ма?» деп сауал қойды.

Мұның ешқандай саяси астары жоқ. Әділет министрлігі саяси орган емес. Тек тіркеуші орган. Егер заң бойынша көзделген талаптарды орындайтын болса, бұрын тіркелген саяси партиялар сияқты біздің оны тіркемеуге ешқандай құқығымыз жоқ. Сондықтан 20 рет болсын, одан да көп рет болсын – егер заңды сақтап тұрып, өтініш берсе, біз тіркеуге міндеттіміз, - деп түсіндірді Азамат Есқараев.

Әділет министрінің сөзінше, өтініш берушілердің көбісі заңда көрсетілген талаптарды сақтамайды.

Заңда нақты талаптар көрсетілген. Оны сақтау керек. Әр өтініште талаптар сақталмай жатады. Заң барлығына ортақ. Оның бәрін оқып, қарап, сақтап, өтініш беруге болады. Біз берген жауабымызда нақты қандай талаптар сақталмағанын көрсетеміз, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға