Жаңалықтар

Саясат Нұрбек Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Саясат Нұрбек Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 24.02.2023 12:21 1057

Ғылым және жоғары білім министрі Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шара барысында жоғары білім және ғылым саласындағы екі жақты қатынастарға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Министр Елшіге ақпан айының басында өткен 9-шы Ұлыбритания-Қазақстан «Жоғары білім саласындағы мемлекеттер ынтымақтастығы арқылы мемлекетаралық байланыстарды нығайту» үкіметаралық комиссиясының жұмыс қорытындылары жайлы айтты. Сондай-ақ мейманға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен министрліктің негізгі басымдықтарын атады.

 
«Мемлекет басшысы ғылым және жоғары білім министрлігінің алдына елдегі ғылымды, оның ішінде университеттік ғылымды дамыту бойынша міндеттер қойды. Осы мақсатта ҚР Үкіметі ынтымақтастық географиясын кеңейту үшін жағдай жасауда. Қазіргі уақытта Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Heriot-Watt университетін ашу жұмыстары жүргізілуде», деді Саясат Нұрбек.
 
Кездесу соңында тараптар Ұлыбританияда «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруды талқылап, екі елдің жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндігін қарастыруға келісті.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға