24 Маусым, 18:42

Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханды құттықтады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханды құттықтады. Жоғары нәтиже көрсеткен талапкер – Түркістан облысы, Ордабасы ауданының мектебінің түлегі. Министр Жәнібекті жетістігімен құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ талапкерге алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Министр «Біз қарапайым ауыл мектебінің түлегі ең жоғары балл жинағанына қатты қуандық. Мемлекет тарапынан оның білімін әрі қарай дамытуына толық қолдау көрсетіледі» деп Жәнібекке сәттілік тіледі. Айта кетейік, Жәнібек Әбілхан 19 мамыр күні Шымкент қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында "Математика–Информатика" пәндер комбинациясы бойынша сынақ тапсырып, ең жоғары нәтиже көрсеткен еді Жәнібек – үйіндегі 5 баланың екіншісі. Болашақта ІТ саласының маманы болғысы келеді. Жастайынан бағдарламалар құрастыру, жаңа жүйелерді меңгеруге қызығушылық танытады және осы бағытты тереңдетіп оқығысы келеді. Сол себепті ҰБТ-да бейіндік пән ретінде информатиканы таңдаған. Астанаға алғаш рет келген Жәнібек елордадағы бірқатар жоғары оқу орындарын аралап, білім беру инфрақұрылымымен танысты. Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 34 мыңға жуық оқушы 11-сыныпты бітіреді. Олардың 27 мыңнан астамы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Мектеп бітірушілердің ішінде 2 313 оқушы «Алтын белгіге», ал 2 400-і «Үздік аттестатқа» үміткер.