Жаңалықтар

Саясат Нұрбек ҰБТ-да 140 балл жинаған түлекті құттықтады

Саясат Нұрбек ҰБТ-да 140 балл жинаған түлекті құттықтады
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 30.06.2024 14:04 375

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-да 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр өз сөзінде түлектің ата-анасына алғыс білдіріп, оның бұл жетістігіне ұстаздардың рөлі орасан зор екенін атап өтті. 

Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері мен жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын!» - деді Саясат Нұрбек. 

11 жыл үздік оқыған түлек – «Алтын белгіге» үміткер. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.

Біз бұған дейін ауыл баласы ҰБТ-да ең жоғары балл жинап, рекорд орнатқаны туралы жаздық. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға