Жаңалықтар

Саясат Нұрбек ҰБТ-2024-ке байланысты мәлімдеме жасады

Саясат Нұрбек ҰБТ-2024-ке байланысты мәлімдеме жасады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.01.2024 13:15 1683

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сіздер үшін ҰБТ-2024 өзгеріссіз қалатындығын қуана хабарлаймын. Тестілеуде сіздер тек екі пән тапсырасыздар: Қазақстан тарихы (20 тапсырма, шекті балл – 5) және Оқу сауаттылығы (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тапсырмаларды орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өтеді, - деп жазды министр өзінің telegram-дағы парақшасында.

Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл шешім талапкерлердің қалауы мен бейінді ведомстволардың сараптамалық пікірі негізінде қабылданды.

Қорытындылай келе, өткен жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекіткенін еске саламын, - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ақылы негізде түсу үшін ҰБТ тапсырудың тағы үш мүмкіндігі (қаңтар, наурыз, тамыз) бар екені еске салынды. Тиісінше 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға