Саясат Нұрбек Сәтбаев университеті жатақханаларының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді
Министр Сәтбаев Университетінің студенттерді жатақханаға орналастыру үшін арнайы құрылған ахуалдық орталықта болып, оның қызметімен танысып, студенттік жатақханалардағы әрбір студенттің қауіпсіздігін жіті назарда ұстау қажет екенін баса айтты.
Сонымен қатар министр, алдағы оқу жылында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету керектігін қатаң ескертті. Ол бірде-бір студент далада қалмау керектігіне тоқталды. Бұл туралы оқу орының басшылыға арнайы тапсырма берді.
Айта кетейік, бұл күнде оқу орынында 5 жатақхана мен магистранттар мен докторанттарға арналған 2075 орындық жас ғалымдар үйі бар. Оған қоса, 616 орынға арналған қосымша 7 хостельмен меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта тағы да 1999 орын алу үшін бірнеше хостельдермен келіссөз жүргізілуде.
Жатақхана алу үшін бүгінгі таңда бірінші және жоғары курс студенттерінен 2400 өтініш түсті. Жатақханадан орын беру ашық түрде қатаң тәртіп бойынша жүргізілуде. Ол үшін арнайы комиссия құрылған. Оның төрағасы болып - студенттік деканат бекітілген.
Сәтбаев университетінде жатақханалардың тазалығы мен студенттердің жайлы орта мен қауіпсіздігі үнемі назарда ұсталынады. Осы мақсатта, жатақханаларды ай сайын дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүріп тұрады.
Сондай-ақ ведомство басшысы ел бойынша студенттерді алдағы оқу жылында жатақханамен 100 пайыз қамтамасыз ету мәселесі бірінші кезекте екенін, және бұл мәселе Ғылым және жоғары білім министрлігінің жеке бақылауында екенін тағы бір рет атап өтті.
Бұл күнде Сәтбаев Университетінде құрылған ахуалдық орталық білім алушы жастар үшін 24/7 режимінде жұмыс атқаруда.
Атқарылған жұмыстармен толық танысқан министр ахуалдық орталық пен оқу орны басшылығының жұмысына оң баға берді.