Жаңалықтар

Саясат Нұрбек АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Министр елшімен білім және ғылым саласындағы маңызды мәселелерді талқылаған
Саясат Нұрбек АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 14.12.2022 00:14 1121

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында жоғары білім және ғылым саласындағы екіжақты қатынастарға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланғаны белгілі болды.

Министр Даниэль Розенблюмді АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Ол М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында Аризона университетінің филиалының ашылуы туралы айтты.

Мемлекет басшысы ғылым және жоғары білім министрлігінің алдына елдегі ғылымды, оның ішінде университеттік ғылымды дамыту бойынша міндеттер қойды. Қазіргі уақытта бірнеше қазақстандық жоғары оқу орны зерттеу жоо-сы мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар біз ғылымды коммерцияландырумен белсенді айналысып, ғылым мен бизнес арасында көпір салудамыз. Тағы бір маңызды басымдық – «500 ғалым» бағдарламасы шеңберінде тағылымдамадан өту есебінен ғалымдардың біліктілігін арттыру. Біз «Болашақ» тізіміне енгізу үшін жаңа американдық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарды қарастыруға дайынбыз, - деді Саясат Нұрбек.

Америкалық тарап Вашингтондағы зерттеу университеттері қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуды және жоғары оқу орындарының басшыларына тренингтер өткізуді ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға