Алматыдағы Сәтбаев Университетінде өткен nFactorial жазғы бағдарламалау лагерінің жабылу салтанатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жастарға үндеу жасады, деп хабарлайды EL.KZ.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Барлығыңыз білесіздер, Президенттің «Ақпараттық технологиялар саласына қажетті 100 мың IT маманды даярлауымыз керек» деген үлкен бастамасы бар. Бұл бастамаға, бұл бағдарламаға еліміздің жоғары оқу орындары тікелей қосылады. Сондықтан да жаңа оқу жылында жүретін оқу бағдарламаларын осы бастамаға сай етіп жасауымыз керек, - деді Саясат Нұрбек.
Лагерьге қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ресейден 4000 үміткер өтініш білдірді, оның ішінде бағдарламаға 200 үздік әзірлеуші шақырылды.
10 аптаның қорытындысы бойынша Инкубатор қатысушылары елде бұрын соңды жасалмаған web3 қосымшаларын, сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен географиясын зерттеуге арналған ойындарды, қазақ музыкасы мен поэзиясын насихаттауға арналған қосымшаларды, экологиялық мәдениетті насихаттауға арналған қосымшаларды және басқа да көптеген әлеуметтік мәселелерді шешетін бағдарламаларды жасады