Жаңалықтар

"Сауығып келем". Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы мәлімдеме жасады

Айдос Ербосынұлы телефон арқылы қазақ халқына сәлем жолдаған
"Сауығып келем". Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы мәлімдеме жасады
Фото: suleimen_promotions_official 25.11.2022 23:27 1154

Танымал қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы отандастарына үндеу жасап, кубалық боксшы Давид Моррельмен болған жекпе-жектен кейін алған ауыр жарақатынан кейінгі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Suleimen Promotions командасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Айдос Ербосынұлы телефон арқылы қазақ халқына сәлем жолдаған.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Қалдарыңыз қалай? Біз Аллаға шүкір, тәуір болып келе жатырмыз. Осы жекпе-жектен кейін жарақат алып қалдық. Айналысып жүрген спортымыз оңай спорт емес.Үлкен спорт болғандықтан, мұндай жағдайлар болып тұрады. Маған дұға тілеп, тілектес болған баршаңызға Алла разы болсын. Рақмет!» - деді Айдос Ербосынұлы.

Еске сала кетейік, 6 қараша күні Айдос кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға