Саусағынан сақинасын шығара алмай құтқарушыларға жүгінді
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
08.09.2024 15:34
688
Қарағанды қаласының құтқарушылары ісіген саусағынан сақинасын шығара алмай қиналған келіншекке көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды қаласының 1973 жылы туған әйел тұрғыны саусағын сақинасы қатты қысып, өз бетімен шеше алмай әуреге түскен. Өзгенің көмегінсіз еш нәтиже шықпайтынын түсінген келіншек құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болыпты.
Осылайша ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қысқа уақыт ішінде слесарлық құралдың көмегімен, ісіген саусақтан сақинаны шешіп берген. Әйелдің денсаулығына ешқандай зардап тимеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға