Жаңалықтар

Сәуірдің алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Сәуірдің алғашқы күндері ауа райы қандай болады
Фото: pexels.com 31.03.2025 18:06 4928

"Қазгидромет" Қазақстан бойынша 1, 2 және 3 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

иноптиктер мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы қалыптасады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта жаңбыр қарға ауысуы мүмкін.

Тек еліміздің орталығы мен оңтүстігінде жоғары қысым алқабының әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде желдің күшейеді, таулы аудандарда тұман күтіледі.

Елдің басым бөлігінде күндізгі температура 8-13 градустан 15-20 градусқа дейін, оңтүстікте 18-23 градустан 20-28 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 12-20 градустан 18-23 градусқа дейін көтеріледі, ал шығыста негізгі фон 5-15 градус жылы болады. Батыста температура 15-25 градустан 13-22 градусқа дейін төмендейді, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға