thetimes.com

Сәуірде қандай фильмдер көруге болады: 10 басты премьера

Сәуір айында отандық кинотеатрлар көрермен назарына түрлі жанрдағы тың туындыларды ұсынады. Қорқыныш пен комедиядан бастап, драма мен триллерге дейінгі фильмдер талғамға сай іріктелген.

Ендеше, осы айда көруге болатын қызықты картиналар топтамасын ұсынамыз.

«Алаяқтар» («Мошенники»)

2026 жыл, Қазақстан

Жанры: детектив, драма

Премьерасы: 1 сәуір

Ұзақтығы: 110 минут

Режиссері: Олжас Нұрбай

Талайдан бері полицияны сан соқтырып жүрген Дамир есімді қылмыскер алғаш рет өзімен деңгейлес Маратпен жолығады. Оқиға күтпеген жерден өрбиді: Дамир өз үйінде тұтқынға түсіп, тығырыққа тіреледі.

Осындай қысылтаяң сәтте ол өміріндегі ең ірі алаяқтық схеманың бетін ашады. Дамирдің сөзінше, бұл – миллиардтаған долларды заңсыз жолмен сыртқа шығаруға мүмкіндік берген күрделі қаржылық жүйе. Ол үшін арнайы банк құрылып, қарапайым салымшылардың ақшасы пайдаланылған.

Басты кейіпкердің әңгімесі арқылы көрермен тек қылмыстық жоспардың қалай жүзеге асқанын ғана емес, сонымен бірге алаяқтықтың ауқымы мен оның құрбандарының тағдырын да тереңірек түсіне алады.

«Ғарыштан келген вампир-зомбилер» (Vampire Zombies… From Space!)

2024 жыл, Канада

Жанры: хоррор, комедия

Ұзақтығы: 1 сағат 38 минут

Режиссері: Майкл Стасько

Премьерасы: 2 сәуір

1950-жылдардың ортасында ғарыштың тереңінде жасырынған Дракула адамдарды зомби-құлға айналдыруды көздейді. Ол Марлоу қаласының тұрғындарын ғана нысанаға алады. Зұлым жоспарға полиция қызметкері, жеке детектив және кездейсоқ бір кейіпкер қарсы шығып, оған тосқауыл болуға тырысады.

Фильм классикалық қорқынышты киноларға пародия ретінде түсірілген.

«Нағыз драма!» (The Drama)

2026 жыл, АҚШ

Жанры: мелодрама, комедия

Ұзақтығы: 1 сағат 46 минут

Режиссері: Кристоффер Боргли

Премьерасы: 9 сәуір

Чарли мен Эмма – үйлену тойына дайындалып жатқан бақытты жұп. Алайда Эмманың күтпеген құпиясы олардың қарым-қатынасына сызат түсіреді. Енді той ғана емес, екеуінің болашағы сынға түседі.

Фильмде танымал актерлер Роберт Паттинсон мен Зендая басты рөлдерді сомдайды. Картинада кейіпкерлер арасындағы нәзік психологиялық байланысқа басымдық беріледі.

«Нормал» (Normal)

2025 жыл, Канада/АҚШ

Жанры: боевик, триллер, криминал

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Режиссері: Бен Уитли

Премьерасы: 16 сәуір

Улисс шағын Нормал қаласына уақытша шериф болып тағайындалады. Алғашында тыныш көрінген мекенде көп ұзамай банк тонау оқиғасы тіркеліп, оның астарында үлкен қастандық жатқаны анықталады.

Фильмде Боб Оденкёркті әділет үшін күресетін кейіпкер бейнесінде көруге болады. Оқиға динамикасы мен шиеленісті сюжет көрерменді соңына дейін ұстап тұрады.

«Сұңқармын» (Н Is for Hawk)

2025 жыл, Ұлыбритания/Сингапур/АҚШ

Жанры: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 59 минут

Режиссері: Филиппа Лоуторп

Премьерасы: 16 сәуір

Кембриджде жұмыс істейтін Хелен әкесінен айырылған соң өмірлік мәнін жоғалтқандай күй кешеді. Қайғыдан арылу үшін ол Мейбл атты қаршығаны қолға үйретуге бел буады. Бұл процесс оның ішкі жан дүниесіне күтпеген өзгеріс әкеледі.

Фильм шынайы оқиғаға негізделген және адам мен табиғат арасындағы байланысты терең суреттейді.

«Гуру» (Gourou)

2025 жыл, Франция/Бельгия

Жанры: триллер

Ұзақтығы: 2 сағат 6 минут

Режиссері: Ян Гозлан

Премьерасы: 16 сәуір

Матьё Вассёр – адамдарды жігерлендіріп, соңынан ерте алатын танымал мотивациялық коуч. Алайда оның қызметі заңмен шектеле бастағанда, өзі де кәсібінің көлеңкелі тұстарымен бетпе-бет келеді.

Картина қазіргі қоғамдағы коучинг индустриясының ықпалы мен жауапкершілігіне үңіледі.

«Кісі өлтіру иллюзиясы» (Reversion)

2025 жыл, Испания/Доминикана

Жанры: триллер, детектив

Ұзақтығы: 1 сағат 37 минут

Режиссері: Джейкоб Сантана

Премьерасы: 23 сәуір

Марио мен Давид отбасымен жаңа үйге көшіп келеді. Көп ұзамай Давидті белгісіз адамдар ұрлап кетіп, отбасына тек 19 күннен соң делсал оралады. Бірақ осы аралықта не болғанын өзі де білмейді. Осы сәттен бастап Марио өз бауырының өзгергенін байқап, күмәндана бастайды. Тіпті уақыт өте келе айналасындағы адамдардың бәрі бөтен жандар сияқты көрінеді.

Фильм кореялық «Естеліктер түні» картинасынан шабыт алғанымен, өзіндік тосын бұрылыстарымен ерекшеленеді.

«Кек алушы» (Protector)

2025 жыл, АҚШ

Жанры: триллер, драма, детектив

Ұзақтығы: 1 сағат 32 минут

Режиссері: Адриан Грюнберг

Премьерасы: 23 сәуір

Бұрын әскери қызметте болған Никки қызының тәрбиесіне мән беру үшін жұмысынан кетеді. Бірақ өткен өмірі қайта алдынан шығып, бір күні ауыр жарақатпен белгісіз жерде оянады. Есін жиғанда, қызын ұрлап кеткенін түсінеді. Никки баласын аман-есен қайтару үшін барлығына баруға дайын.

Басты рөлдегі Милла Йовович бұл жолы да күшті әрі қайсар кейіпкер образын сәтті жеткізеді.

«Жасырын үн» (The Undertone)

2025 жыл, Канада

Жанры: қорқыныш

Ұзақтығы: 1 сағат 34 минут

Режиссері: Иан Туасон

Премьерасы: 30 сәуір

Эви науқас анасымен бірге тұрып, досымен бірге «Полутон» атты подкаст жүргізеді. Бағдарламада олар тылсым құбылыстарды талқылайды: бірі сенеді, бірі күмәнмен қарайды. Бір күні оларға белгісіз адамдардан жұмбақ аудиожазбалар келеді. Алғашында бұл жай қызық оқиғадай көрінгенімен, уақыт өте келе қорқынышты жайттарға ұласады.

Фильм атмосфераны дыбыс арқылы жеткізіп, көрерменді психологиялық тұрғыда ширықтыра түседі.

«Арманға жол» (Le rêve américain)

2026 жыл, Франция

Жанры: комедия, спорт

Режиссері: Антони Марсьяно

Премьерасы: 30 сәуір

Жереми мен Буна – өмірде жолы болмай жүрген қарапайым жігіттер. Бірі видеопрокатта жұмыс істесе, екіншісі әуежайда тазалықшы. Бірақ екеуін біріктіретін ортақ нәрсе – баскетболға деген құштарлық. Тіпті ағылшын тілін толық білмесе де, олар NBA агенті болуды армандайды.

Шынайы оқиғаға негізделген бұл фильм жеңіл юмор мен мотивацияны қатар ұсынады.

Көпшілікке жол тартатын бұл фильмдер көрерменге әртүрлі көңіл күй сыйлайды: біреуі ойландырады, біреуі қорқытады, енді бірі шабыттандырады. Киносүйер қауым үшін таңдау жеткілікті, енді тек уақыт тауып, жақсы фильмнен ой түю ғана қалды.