Жаңалықтар

Сауда және интеграция министрі ірі Қытай биржаларының басшыларымен кездесті

Сауда және интеграция министрі ірі Қытай биржаларының басшыларымен кездесті
Фото: ҚР СИМ 08.11.2023 07:12 603

Шанхайда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қытайдың ірі биржаларымен – Далянь тауар биржасымен және Шанхай фьючерстер биржасымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СИМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші кездесу Далянь тауар биржасының Бас директоры Ян Шаоминмен өтті. Далянь тауар биржасы - ҚХР ірі тауар биржаларының бірі. 2023 жылы ол фьючерстер индустриясы қауымдастығының нұсқасы бойынша әлемдегі жетекші туынды биржалар арасында 1-ші орынға ие болды.

Кездесуге АХҚО ( «Астана» халықаралық қаржы орталығы) Басқарушысы Ренат Бектұров қатысты, ол өз кезегінде қаржы орталығының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

Арман Шаққалиев екі елдің стратегиялық әріптестікті нығайтуға деген ұмтылысын атап өтіп, тауар биржасымен ынтымақтастық перспективаларына сенім білдірді.

Қазақстанда өңірлік биржаны құру «Бір белдеу, бір жол» бірлескен бастамасын сапалы іске асыруды және Орталық Азия өңірінде көшбасшылықты қамтамасыз етеді.

Далянь тауар биржасының басшысы Dalian Commodity Exchange брендін дамыту және жаңа биржалық құралдарды енгізу жөніндегі жұмыс туралы айтып берді.

Қытайдың бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі бас реттеушінің көмегімен одан әрі ынтымақтастық және өзара ақпарат алмасу мәселелері пысықталатын болады.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар биржалық сауда саласындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға және осы уағдаластықтарды жоғары деңгейде практикалық жазықтыққа көшіру үшін бірлескен күш-жігер жұмсауға уағдаласты.

Әрі қарай Арман Шаққалиев Шанхай фьючерстік биржасына барды. Шанхай фьючерстер биржасы Шанхай металл биржасы, Шанхай астық және мұнай биржасы және Шанхай тауар биржасы біріктірілгеннен кейін құрылды. Биржа фьючерстер индустриясы қауымдастығының нұсқасы бойынша металдар фьючерстері бойынша әлемдегі жетекші биржалар арасында 1-орында, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы» фьючерстерінің саудасы бойынша 4-орында.

Тауар биржасына бару барысында Бас директор Ван Фэнхэй Министрді сауда залымен, есеп айырысу және клирингті, IT инфрақұрылымын және жаңа биржалық құралдардың, оның ішінде тауарлық туынды құралдардың жұмыс істеуін және енгізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық сервистерді жүзеге асыру жөніндегі жұмыстармен таныстырды.Қазақстан биржалық өтімділіктің перспективалы орталығына айналуда.

Біздің алдымызға Орталық Азия өңірінде мықты тауар - шикізат биржасын құру міндеті қойылды. Осыған байланысты біз сіздің тәжірибеңізді зерттеуге мүдделіміз. Осы саланы дамыту үшін Қытай биржалары құрметті мүшелер ретінде шақырылатын Үйлестіру кеңесі құрылды.

Қытай тауар биржасының басшысы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою үшін Қазақстанға баруға және сауда және интеграция министрлігімен белсенді ынтымақтасуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, осы мақсатта биржалық сауда бойынша сарапшылар үшін екіжақты кездесулер мен арнайы тағылымдамалар ұйымдастырылады.
Кездесу соңында сауда және интеграция министрі Ван Фэнхайға Достық қабылдауы және туынды құралдар нарығының тиімді жұмысына қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2023 жылғы 1 қыркүйекте Президент күшті өңірлік тауар-шикізат биржасын құру мәселесін пысықтау міндетін қойды.

Қазіргі уақытта сауда және интеграция министрлігі ұлттық заңнамаға халықаралық биржалық стандарттарды имплементациялау мақсатында өңірлік және әлемдік экономикалық кеңістікте тауар биржалары саласындағы позицияларды нығайту бойынша жұмысты белсенді жүргізуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға