Сауд Арабиясында жаңа буындағы робот орталығы ашылды
Humanoid компаниясы Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) Humanoid Lounge атты жаңа буындағы робототехника орталығын ашты. Жоба жергілікті QSS AI & Robotics компаниясымен бірлесіп іске қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл компания Сауд Арабиясында роботтарды құрастырып, эксклюзивті дистрибьютор ретінде қызмет атқарады.
Humanoid Lounge Эр-Риядтағы гуманоид робототехникасының мүмкіндіктерін көрсететін жаңа алаңға айналды. Орталықта келушілерге әртүрлі робот үлгілері таныстырылған, соның ішінде өнеркәсіпке арналған HMND 01 Alpha Wheeled моделі де бар. Көрсетілім барысында роботтар түрлі тапсырмалар орындайды, телебасқару режимінде жұмыс істейді және адаммен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін көрсетеді. Сонымен қатар орталықта робототехника бойынша оқу мастер-кластары ұйымдастырылады.
Humanoid компаниясы алдағы бес жылда Сауд Арабиясына 10 мыңға дейін робот жеткізуді жоспарлап отыр. Роботтарды қолданудың негізгі салалары, өнеркәсіп, логистика, ритейл, энергетика, инфрақұрылым және мемлекеттік қызметтер. QSS AI & Robotics-пен бірге жүзеге асырылатын жергілікті құрастыру өндірісі аймақ талаптарына сай бейімделуге және жобаны жылдам ауқымдауға мүмкіндік береді.

