report

Сауд Арабиясы мешітте фото және видео түсіруге ресми түрде тыйым салды

Сауд Арабиясы билігі Меккедегі әл-Харам мешітінде, соның ішінде Қағба маңында фото және видеотүсірілім жасауға ресми шектеу енгізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл шешім жеке тұлғаның жеке кеңістігін қорғау және құлшылықтың рухани тыныштығын сақтау мақсатында қабылданған.

Тыйым қажылық пен умра маусымы кезеңінде күшіне енді. Енді мешіт аумағында мобильді телефондар, кәсіби фотоаппараттар және видеокамералар арқылы түсірілім жасауға жол берілмейді.

Ресми органдардың түсіндіруінше, қасиетті орынның селфи түсіретін немесе туристік белсенділік орынға айналуына жол бермеу маңызды. Сондай-ақ камера қолдану құлшылық жасап жатқан адамдарға кедергі келтірмеуі керек.

Белгіленген тәртіпті бұзғандар қасиетті орындардағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал түсірілім құралдары тәркіленуі ықтимал.