Сауд Арабиясы футбол трансферіне 19 миллиард еуро бөлді
25.07.2023 18:36
Фото:
© twitter.com/AlNassrFC
Сауд Арабиясының спорт министрлігі футбол трансферлеріне шамамен 19,6 миллиард еуро қаражат бөлді. Бұл туралы журналист және инсайдер Бен Джейкобс өзінің твиттерінде мәлімдеді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Сауд Арабиясы чемпионатының жаңа маусымы 11 тамызда басталады.
Оқи отырыңыз:
- Танымал комментатор «Ордабасыны» «Ардабасы» деп айтатындарға үндеу жасады
- Сіз бен бізге ақша жинауға кедергі келтіретін басты 7 себеп
Бұл елдегі басты шетелдік жұлдыз – португалиялық Криштиану Роналду. Сонымен қатар жазғы трансфер кезінде Сауд Арабиясы клубтарының қатарын Карим Бензема, Роберто Фирмино және Эдуар Менди сияқты футболшылар толықтырды.
Бұған дейін ПСЖ-ның Сауд Арабиясы клубтарының біріне француз шабуылшысы Килиан Мбаппемен келіссөздер жүргізуге рұқсат бергені туралы да айтылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

