Видеодан кадр

Сәтбаев қаласында ер адам қызға шабуыл жасады

23.05.2025 11:29

Оқиға 22 мамыр күні Сәтбаев қаласында болды. Ер адам тұрғын үйдің подъезінде жас қызға шабуыл жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде шабуыл сәтінің бейнежазбасы тарады. Бақылау камерасындағы кадрларға қарағанда, ер адам қызбен бірге подъезге кіріп, күтпеген жерден оны бұрышқа қарай сүйреп апарған.

Алайда жәбірленуші қатты айқайлап, көмек сұрағаннан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қылмыс ізін суытпай ашу мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін 12 жастағы көрші қызға шабуыл жасаған ер адамға сот үкім кесті.