Сәтбаев каналы 28,6 мың гектар егістік жерді сумен қамтамасыз етті
09.08.2025 10:52
Фото:
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Қ. Сәтбаев атындағы канал Қарағанды және Павлодар облыстарындағы 28,6 мың га-дан астам егістік жерді сумен қамтамасыз етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биыл вегетация кезеңі басталғалы «Қазсушар» РМК-ның «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы Қарағанды облысындағы 10,8 мың га-дан астам, Павлодар облысындағы шамамен 17,8 мың га егістік алқапты суармалы сумен қамтамасыз етті.
Қазіргі уақытта Павлодар облысындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілген су көлемі 13,0 млн текше метрден, ал Қарағанды облысында 5,6 млн текше метрден асты.
Биыл филиал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен су беру бойынша 40 келісімшарт жасасты. Павлодар және Қарағанды облыстарында ең көп өсірілетін дақылдарға жаздық дәнді дақылдар, майлы дақылдар, картоп, жүгері, көкөністер және көпжылдық шөптер жатады, – деді «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалының директоры Оңдасын Жиенқұлов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

