El.kz/Арман МҰХАТОВ

Сарыарқа даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады

08.07.2024 22:20

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тарас Шевченко көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты 8-14 шілде аралығында Сарыарқа даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.